Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғандар анықталды
23 қыркүйек 2025 11:18 / Новости Казахстана
Прокуратура органдары атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу үшін азаматтардың өздерінің нақты табыстарын және жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санын жасырған фактілерін анықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тергеу мәліметінше, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарында 4,2 млн теңге, Келес ауданында — 2,2 млн теңге заңсыз тағайындалған.
Сонымен қатар, Келес ауданындағы 13 тұрғын өтініш беру кезінде отбасымен бірге тұратын мүшелерін әдейі жасырған, осылайша жиынтық табысты төмендетіп, кедейшілік шегінен аспауға тырысқан. Нәтижесінде олар 2,2 млн теңгені заңсыз алған.
Аталған факт бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
20 қараша 2026 18:07 / Новости Казахстана
Таразда ашылғанына бір ай толмай бүлінген мемориал қайта қалпына келтірілді
20 қараша 2026 16:35 / Новости Казахстана
Тоқаев: Қазақстанда жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салынады
20 қараша 2026 15:28 / Новости Казахстана
Алматы әлемдегі ең үздік 20 туристік бағыттың қатарына енді
20 қараша 2026 14:28 / Новости Казахстана
Әкім орынбасары темекі шегіп, түкіргені үшін айыппұл арқалады
20 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті
20 қараша 2026 12:25 / Новости Казахстана