Түркістан облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, кейін өзі де асылып қалған

16 қыркүйек 2025 11:18 / Новости Казахстана

Түркістан облысы Сайрам ауданында күйеуі әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынан өзіне өзі қол салған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында 56 жастағы ер адам 45 жастағы әйелінің басын балтамен ұрып өлтірді. Кейін ол дәретханаға кіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Ең сорақысы, әйелдің қансырап жатқанын қызы, ал әкесінің өлі денесін ұлы көріп бірінші болып көрген.

Марқұмдардың көршісі әрі туысы Давлат Ариповтың әйелдің денесін көргенде танымай қалған.

«Жауыздықпен өлтіргенін көріп, қорқып кеттік» - дейді ол.

Ерлі-зайыптылардың отбасы құрғанына 15 жылға жуықтаған. Екеуінің ортақ 4 баласы бар. Үлкені 13 жаста, кенжесі 4 жаста. Балаларының кенжесі ерекше қарауды қажет ететін бала. Отбасы осы баланың жәрдемақысымен күн көрген. Ер адам жұмыссыз болған.

Көршілерінің сөзінше, ер адам жұбайының опасыздығына байланысты ауыр қадамға барғанын айтып, телефонына дыбыстық жазба қалдырыпты. Бірақ мұны әйелдің туыстары жоққа шығарды.

Марқұм ерлі-зайыптының төрт баласы мемлекет қарауына өткен. Балаларды әйелдің туыстары өз қарауына алғысы келеді. Олар тергеу ісіне де күмәнмен қарап отыр. Ал полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті тұрғын үй жағдайында жұбайына дене жарақатын салған.Салдарынан ол қайтыс болған. Осы оқиғадан соң ер адам қылмыстың себептерін сипаттайтын дыбыстық жазба қалдырып, өзін-өзі өлтірген», - деп хабарлады облыстық ПД.

Серіктес жаңалықтары