Түркістан облысында өңірдің бас ветеринары сотталды

27 қараша 2024 12:23 / Новости Казахстана
ФОТО: КТК

Түркістан облысында өңірдің бас ветеринары сотталды. Шенеунік қызметкерлерге бөлінген сыйақыны өзіне қайта жинап алғаны үшін 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бақытжан Бегманов басшы болып тұрған кезде ветеринария басқармасына қарасты 115 қызметкерге бөлінген қаражатты қайтарып алып қалтасына баспақ болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алайда буып-түйген 5 жарым миллион теңгесін антикор тәркілеп алып, басшының арам пиғылы іске аспай қалды.

Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

— Сот үкімімен Бегмановқа 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеліп, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары