Түркістан облысында қызды зорлап өлтірген ер адамның ісі жабық қаралады
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында жол жиегінен денесі табылған 16 жастағы қыздың өлімі бойынша іс жабық қаралатын болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарайды. Күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы, «Зорлау» бабы және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен іс қозғалған.
Айта кетейік, қайғылы жағдай биыл 6 маусымда Төрткүл ауылында болған. Қыз дүкеннен шығып үйіне қайта оралмаған. Таңертең полиция мен ауыл тұрғыгдары қыздың денесін жол жиегінен тапты.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, қыздың денесі табылған күні марқұмның отбасының дүкені жанында орналасқан наубайханада жұмыс істейтін еңбек мигрантын полицейлер ұстаған. Артынша ауылда байланыс үзіліп, күзет күшейген. Көп өтпей ауылда жалданып жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарының бәрі ауылдан шығарылған.