Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген мигрант өмір бойына сотталды

24 желтоқсан 2025 9:24 / Новости Казахстана

Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген мигрант өмір бойына сотталды. Сотталушы мен оның туыстары тағылған айыппен келіспей, «жала жабылды» деп отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алайда, сот мәліметінше оның қылмысы толығымен дәлелденген. Өзбек азаматы 10 жылдан бері екі ел арасында келіп-кетіп жұмыс істеген. Үш баланың әкесі былтырдан бері Төрткүл ауылындағы наубайханада нан жауып нәпақа тапқан.

«Азық-түлік дүкенінен кәмелетке толмаған жәбірленуші 2009 жылы туған дүкенде көріп, оған әдеттегідей нан өткізіп, нан ақшасын алып күткен. Түнгі бір шамасында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, күш қолданып, зорлау және сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Одан кейін сотталушы өзінің қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында жәбірленушіні қасақана қазаға ұшыратқан», — дейді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Дәурен Мадалиев.

Ал сотталушы сот залынан кетіп жатып, жала жабылғанын айтты. Оның әкесі де баласының бұл қылмысты жасамағанын айтып, тергеу жұмыстары дұрыс жүргізілмегенін алға тартты.

«Ол сондай іске барса, сол күні түнде Өзбекстанға өтіп кететін еді ғой. Ұлыма жала жабылып отыр. Ол ондай тірлікке баратын бала емес. Қазақстанның заңына таң қалдық», — дейді сотталушының әкесі.

Серіктес жаңалықтары