Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың денесі табылды
Түркістанда ойнауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«3 желтоқсан күні күндіз үздіксіз жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 жасар баланың мәйіті көрші үй маңындағы кәріз құдығынан табылды.
Баланың денесін судмедэксперттер тексеріп шығып, зорлық-зомбылық белгілерін таппады.
Жедел-тергеу тобы, полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы оқиға орнында жүр. Болған жғдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген полиция мәліметінде.
Еске салсақ, бүлдіршін 1 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іздестіруге 1 мыңға жуық адам тартылды. Оның ішінде полиция мен төтенше жағдай департаменттерінің жеке құрамы, ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер бар.
2 желтоқсан күні дрон мен иісшіл иттер тартылды. Ал 3 желтоқсанда әскерилер жұмылдырылғаны хабарланды.