Түркістандық өрт сөндіруші қыз «Алтын бұранды» номинациясының алғашқы иегері атанды

4 наурыз 2024 8:00 / Новости Казахстана

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Өскемен бойынша X әйелдер арасындағы қысқы чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Аталған чемпионатқа қатысқан түркістандық Айдана Тұрсын шабуыл сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының екінші қабатына көтерілу кезеңі бойынша бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту сайысында үшінші орынды, ал чемпионаттың жеке біріншіліктегі қоссайыс кезеңінде екінші орынды жеңіп алды. Әйелдер арасында күннің ең үздік нәтижесін көрсеткен бойжеткен чемпионаттың «Алтын бұранды» номинациясының алғашқы иегері атанды.

Жалпы есепте Түркістан облысы әйелдер құрама командасы шабуыл сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының екінші қабатына көтерілу кезеңі бойынша екінші орынды, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша бірінші орынды иеленді. Ал, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қоссайыс нәтижесінде жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды.

 

Серіктес жаңалықтары