Түрмеден шыққан тұтқын камераласын жүк сөмкесіне салып алып шыққан

14 шілде 2025 17:35 / Новости Казахстана

Францияның Лион қаласында тұтқын түрмеден қашып кетті. Оны еркіндікке шыққан досы сөмкесіне салып алып шыққан, деп хабарлайды Arbat.Media Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Прокуратураға сілтеме жасаған Le Progrès басылымының дерегінше, оқиға 11 шілде күні болған. Түрме қызметкерлері тұтқынның жоғалғанын бір тәуліктен кейін ғана байқаған.

Қашып кеткен тұтқын шамамен 20 жаста. Ол бұған дейін де бірнеше рет сотталған. Сондай-ақ екі адамды өлтірді деген күдікке ілінген. Тұтқынның ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы бар болуы мүмкін.

Түрме ішінде қызметтік тергеу басталды. Ал сөмке арқылы тұтқынды түрмеден алып шыққан бұрынғы камераласы оған қашуға көмектескені үшін қайта түрмеге түсуі мүмкін.

Лион-Корбас түрмесі бұрыннан проблемалы мекеме саналады. BFMTV мәліметінше, түрме 678 адамға есептелгенімен. Бірақ 1 мамырдағы жағдай бойынша мұнда 1218 адам қамауда отырды.

Серіктес жаңалықтары