Тұрсынбек Қабатовтың жаңа суреті елді ойландырып қойды

21 қыркүйек 2025 16:37 / Новости Казахстана

Белгілі әзілкеш пен шоумен Тұрсынбек Қабатовтың жаңа суреті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Продюсер Гүлім Еркін өзінің Instagram парақшасында көптен күткен музыкалық жоба – «The Voice Қазақстан» жаңа маусымының басталатынын хабарлады.

«11 қазаннан бастап сағат 20:00-де «The Voice Қазақстан»! Әрқашан Хабарда болайық!», – деп жазды продюсер.

Жарияланған суреттердің бірінде көпшілікке танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та бой көрсетті.

Көптен бері көпшілік алдында көрінбеген Қабатовтың бейнесі бірден назар аударды. Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды:

«Тұрсынбекке не болған?», «Қартайыпты ғой», «Ауырып жүр деп еді, қиын болыпты», «Бұрынғыдай емес…» деген пікір жазды.

Кейбірі оның денсаулығына алаңдаушылық білдірсе, енді бір бөлігі ұзақ уақыт сахнадан көрінбей кеткен әзілкештің қайта оралуын қуанышпен қабылдады.

Серіктес жаңалықтары