ҰБТ алдағы 3 жылда толық жаңартылады

11 қараша 2025 17:57 / Новости Казахстана

ҰБТ алдағы 3 жылда толық жаңартылып, халықаралық стандарттарға сай әзірленеді, деп хабардайды Arbat.Media.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен халықаралық ETS ұйымы білім беру саласында стратегиялық әріптестік орнатып өзара келісімге келді. Ұлттық бірыңғай тестілеу бірер жылда түбегейлі өзгереді. ҰБТ ETS ұйымының жаһандық тәжірибесі мен заманауи әдістері негізінде дайындалады.

Жаңартылған ҰБТ қазақстандық түлектердің халықаралық стандарттарға сай білімін анықтауға мүмкіндік береді. Тест сұрақтарының жаңа моделінде жасанды интеллект пен психометриялық әдістерді пайдаланылады.

«Келесі үш жылда ETS ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа әдістемесін ұсынады және біздің тест құрастыратын, жинақтайтын ғалымдарымызды оқытады», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары