“Үсік жүреді”: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

14 сәуір 2025 14:04 / Новости Казахстана

Алдағы үш күнде — 14-тен 16 сәуір аралығында — Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Arbat.media.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсері сақталып, жаңбыр, найзағай және күшті жел күтіледі.

«Оңтүстік-шығыста және түнде орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады, солтүстікте кей жерлерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Тек республиканың оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Кей өңірлерде тұман, бұршақ, шаңды дауыл және шквалболады. Жетісу облысындағы Алакөл маңында 30 м/с дейін жететін қатты жел күтіледі.

Үсік түнде мына өңірлерде жүруі мүмкін:

 

  • Ақмола,
  • Қостанай,
  • Солтүстік Қазақстан,
  • Ақтөбе облысының солтүстігі – -3°С дейін.

 

Астана:

• 14 сәуір: жаңбыр, түнде кейде қатты. Жел 15–20 м/с. Түнде +2…+4°, күндіз +13…+15°.

• 15 сәуір: түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр. Түнде 0…+2°, күндіз +10…+12°.

• 16 сәуір: түнде жаңбыр мен қар, күндіз бұлтты. Түнде 0…+2°, күндіз +13…+15°.

Алматы:

• 14 сәуір: күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал. Жел 18–23 м/с дейін. Түнде +13…+15°, күндіз +21…+23°.

• 15 сәуір: жаңбыр, найзағай. Түнде +11…+13°, күндіз +19…+21°.

• 16 сәуір: жауын-шашын, найзағай. Түнде +10…+12°, күндіз +15…+17°.

Шымкент:

• 14 сәуір: түнде жаңбыр, найзағай. Жел 15–20 м/с. Түнде +12…+14°, күндіз +23…+25°.

• 15 сәуір: жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12°, күндіз +23…+25°.

• 16 сәуір: найзағайлы жаңбыр. Түнде +8…+10°, күндіз +18…+20°.

Серіктес жаңалықтары