"Ұзатылған үйден мәйітін алып кеттік": Шымкенттік келіншектің сұмдық өлімі

25 шілде 2025 16:25 / Новости Казахстана

Қарағанды қаласында осыдан 20 күн бұрын 27 жастағы әйелдің өлі денесі табылған, деп хабарлайды Arbat.Media Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Ол Шымкент қаласының тумасы Динара Мыңбаева. Келіншек осыдан 5 жыл бұрын Сарыағаш ауданының тұрғынына тұрмысқа шығып, Қарағандыға қоныс аударған екен. Сөйтіп, сол жақта медициналық оқу орнын тәмамдап, екі баланың анасы атанған.

Енді магистратураға түсуге қамданып жүрген келіншектің ата-анасына 3 шілде күні қаралы хабар келіпті.

- Өзіне қол жұмсады дегенге сенбеймін. Сол күйеуі кінәлі деп ойлаймын. Әйтпесе мен бір апта бұрын Қарағандыға барғанмын. Сол кезде күліп-ойнап жүрген еді. Өз өзін асып қойды дегенге ешқандай сенбеймін. Өз -өзіне қол жұмсайтын қыз емес ол. Екі баласын шырылдатып, қалай тастап кетеді?!, - дейді марқұмның анасы Ризагүл Ақынбаева.

Қара жамылған отбасы екінші шілде күні Динараның хабарласқанын айтады. Телефонда бір бетін көрсетпеген келіншек күйеуінің қол көтеріп, қылқындырғанына шағымданыпты. Әкесі бірер күннен соң баратынын айтып қызын жұбатқан екен.

 

Серіктес жаңалықтары