«Халық банктің» Павлодардағы бөлімшесінен қанша дүние ұрланды

20 қараша 2024 16:03 / Новости Казахстана
Фото: Kazinform

Павлодар қаласындағы «Халық банк» бөлімшесінің ғимаратын полиция қоршауға алған болатын. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының Павлодар қаласындағы бөлімшесіне ұры түсу фактісі туралы пікір білдірді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ақпараты бойынша қазіргі уақытта тәжірибелі мамандарды тарта отырып, қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша келтірілген залалдың мөлшері, мән-жайлары мен болған оқиғаның себептері айқындалатын болады», - дейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Агенттік тергеу қорытындысы бойынша Халық банктің үстінен ден қою шараларын қолдануы мүмкін, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Аталған банктің Қазақстан заңнамасын сақтамау фактілері анықталған жағдайда агенттік өз құзыреті шегінде қадағалап ден қою шараларын қолдану мүмкіндігін қарастыратын болады», - делінген ресми мәліметте.

 

Серіктес жаңалықтары