Яндекс Іздеуге қазақша дауыстық сұрау салуға болады
Яндекс Іздеу қазақ тіліндегі дауыстық сұрауларды түсіне бастады. Енді қолдаланушылар сұрақтарды дауыспен орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де қоя алады. Жаңа мүмкіндік Яндекс Веб шолғыш және Яндекс Алисамен бірге мобильді қолданбаларында қолжетімді. Наурыз айында 12 млн астам қазақстандық Яндекс Іздеуді қолданды, оның 4,5 млн - мобильді қолданба арқылы. Смартфонда дауыспен сұрақтар қою, мәтін теруден гөрі ыңғайлы. Қарым-қатынас тілін алдын ала таңдаудың қажеті жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.
Яндекс адам тіпті орыс және қазақ тілдерін араластырып айтса да түсінеді - мысалы, «Қожа Ахмет Ясауи мавзолей қай жерде орналасқан?». Дауыстық сұрақ қою үшін, қолданбаның іздеу жолағындағы микрофон белгішесін басу керек, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Қазақ тіліндегі сұрау салулар бойынша қолданушылар ұлттық тілдегі құжаттарды ғана емес, сонымен қатар қазақ тіліне нейрожелілік аудармадағы ағылшын және орыс тіліндегі материалдарды да көреді.
Нейроаударманы енгізу арқылы іздеуде қазақ тіліндегі пайдалы материалдардың саны 15 миллионнан асып түсті.