Жайықта су деңгейі Атыраудағы Индерборда – 10, Махамбетте 9 метрден асты

10 мамыр 2024 11:00 / Новости Казахстана

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілді. Қазір Индербор кентінде – 10, Махамбет ауылында 9 метрден асты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, 9 мамырда таңертеңгі 08:00-де Жайық өзенінің деңгейі Индеорбор кентінде 992 см болған. Ал, кешкі сағат 20:00-де 1005 сантиметрге жетті. Қазір бұл деңгей қауіпті шектен 160 сантиметрге көбейген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Махамбет ауданында Жайық өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты жағалауды бекіту жұмысы жалғасып отыр. Осындай жұмыс Бейбарыс ауылдық округіне қарайтын Талдыкөл ауылында жүргізілді.

Өйткені бұл ауданда өзен деңгейі 9 метрден асып кетті. Бүгін, 9 мамырда таңертең сағат 08:00-де Махамбет ауылының тұсында 908 сантиметрді құраған. Ал, кешкі сағат 20:00-де 915 сантиметрге жеткен.

Су арнасының деңгейі Атырау қаласында кешкі сағат 20:00-де 525 сантиметрді көрсетіп тұр. Шаһар тұсында 550 см қауіпті шек ретінде белгіленген. Жайық өзеніндегі су қала маңындағы Жаңаталап ауылында 377, Еркінқала елді мекенінде 337 сантиметр құрады.

 

Серіктес жаңалықтары