Жанель Мақажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтты
Актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі оқырманының сұрағына жауап беріп, бұрынғы күйеуімен ажырасуына не себеп болғанын ашық айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өнер иесінің сөзінше, отбасылық өмірінде күйеуінің туыстарымен арадағы түсініспеушілік, қолдаусыздық және опасыздық сияқты жағдайлар болған. Оның айтуынша, бұрынғы жолдасы әйелін де, балаларын да өз туыстарының қысымынан қорғай алмаған.
Жанель Мақажан күйеуінің анасының, достары мен айналасындағы адамдардың пікіріне тым тәуелді болғанын айтып, бұл жағдайдың отбасына кері әсер еткенін жеткізді.
«Күйеуің сені, бала-шағаңды өз туыстарына талатып отырса, өз отбасын шын мәнінде қорғамаса, шешесінің, жанындағы психологтарының, достарының айтқанына еріп, саған талағын беріп, отбасын тастап кетсе… Бірақ ел алдында керемет әке, жардың бейнесінде жүрсе – қиын екен. Денсаулығыңның қалай нашарлап бара жатқанын да байқамай қалады екенсің. Шешесінен сепарация жоқ, өзіңе қарсы шығып, шешесімен бірге сені өз үйіңнен қуса, ол да оңай емес», – деп жазды актриса.