Жанжалдасқан ерлі-зайыпты енді бір жылда бір-ақ рет "татуласа" алады

23 қыркүйек 2023 10:00 / Новости Казахстана

Енді жанжалдасқан ерлі-зайыпты бір жылда бір-ақ рет татуласа алады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мысалы, бір ғана Солтүстік Қазақстан облысында бірінші жартыжылдықта тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қатысты 830 хаттама толтырылса, шілде мен тамыз айларында ғана 583 факті тіркелген. Бұған себеп – заңнамаға енгізілген өзгерістер.

1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа заңнамалық нормаларға сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша жыл бойы тек бір рет қана татуласуға болады. 

Осы уақытқа дейін тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестегі басты мәселе жәбірленушінің құқық бұзушымен татуласуы болатын. Соның салдарынан жанжалқойлар жазадан құтылып кететін. Полиция қызметкерлері шілденің 1-нен бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тіркеудің арыз жазу сипатынан анықтау сипатына көшіп жатыр. Шақырту бойынша келген қызметкерлер зорлық-зомбылық белгілері нақты көрінген жағдайда өтініш жазылмаса да, құқық бұзушылықты тіркеуге құқылы», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Автор
Серіктес жаңалықтары