“Зардап шеккендер бар”: Маңғыстаудағы “ҚазАзот” зауытында апат болды

20 шілде 2025 11:45 / Новости Казахстана

Маңғыстаудағы «ҚазАзот» зауытында апат болып, төрт жұмысшыны күйік шалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

18 шілде күні сағат 14:47 шамасында Маңғыстаудағы «ҚазАзот» зауытының өндірісінде техникалық апат орын алды. Апат кезінде төрт жұмысшы термиялық күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі жансақтау бөліміне, екеуі травматологияға жатқызылған.

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендерге көмек көрсету үшінелордалық жетекші дәрігерлер, соның ішінде ҚР бас реаниматологы да жұмылдырылды. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдай облыс басшылығының жіті бақылауында.

Алдын ала болжам бойынша, қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды.

Аталған факті аясында Қылмыстық кодекстің 156-бабы – «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша іс қозғалды. Компания тарапынан зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетіледі. Бұл мәселе де әкімдіктің бақылауында.

Серіктес жаңалықтары