Жеке сот орындаушыларына қойылатын талап күшейді

4 мамыр 2026 10:22 / Новости Казахстана

Елімізде 2 мыңнан астам жеке сот орындаушысы бар, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратураның дерегінше, 88 жеке сот орындаушысы 660 түрлі алаяқтық әрекет жасаған. Бірақ оның тек 9-ы жазаланған.

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Нұржан Арынғазиновтың айтуынша, 12-ден астам жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылып, 20-ға жуығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің сөзінше, заң бұзғандардың арасында алимент қаражатын заңсыз пайдаланғандар, бюджетке түсуі тиіс қаржыны жымқырғандар да бар.

Енді жеке сот орындаушылардың қызметін бақылау мақсатында кеуделеріне жетон тағып, жұмыс барысына бейнебақылау жүргізу де ұсынылды. Ондағы материалдар кемі 5 жылға дейін сақталуы тиіс. Одан бөлек, 2 жылдан бері 20 АЕК-ке дейінгі айыппұлдарды өндіру ісін «цифрлық сот орындаушы» атқарып келді. Енді оның көлемін артпақ.

Серіктес жаңалықтары