Жоғары оқу орындарында жасанды интеллект курсы оқытылады

5 қазан 2023 14:47 / Новости Казахстана

Еліміздің бірнеше жоғары оқу орнында Google компаниясымен бірлесіп жасанды интеллект курсы оқытыла бастайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Біздің министрлік қазір әлемдегі соңғы ғылыми жаңалықтарға, жасанды интеллекет бойынша мониторинг жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жасанды интеллект бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Кемінде 3 жоғары оқу орны жасанды интеллект курсын бастауы керек. Біз бүгінде Google компаниясымен бірлесіп 14 ЖОО негізінде арнайы пилоттық курсты бастап жатырмыз. Ол курс табысты түрде жүзеге асқан жағдайда, келесі жылдан бастап барлық жоғары оқу орындарында міндетті түрде жасанды интеллект курсы оқытылатын болады», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, ЖОО түлектері жасанды интеллектпен жұмыс істей жағдайға жету керек.

«Елімізде ғылым моделінің реформасы басталады. Қазір арнайы заң дайындалып жатыр, осы айдың соңында Мәжілістің қарауына ұсынылады. Ол заңның негізінде ғылыми зерттеулер, жасанды интеллект, ғылыми жаңалықтар ашулармен жоғары оқу орындары айналысады. Біз ғылымды қаржыландыруды 3 есе өсірдік. Ғылыми гранттарға 650 млрд теңге бөлінді», - дейді ол.

Автор
Серіктес жаңалықтары