Жол апатынан тоғыз жасар бала қаза тауып, үш адам жарақат алды
24 шілде 2026 13:35 / Новости Казахстана
Жол-көлік оқиғасы 21 шілде күні шамамен сағат 16:55-те Щучинск — Степняк автожолының 16-шақырымында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet көлігінің жүргізушісі қосалқы жолмен келе жатып, басты жолға шығар кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, Степняк қаласы бағытына қарай қозғалып келе жатқан Nissan көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Nissan автокөлігінің тоғыз жасар жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Тағы үш адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Дәрігерлер тексергеннен кейін екі жолаушы үйіне жіберілді. Аталған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
22 қазан 2026 18:18 / Новости Казахстана
Айман Талғатқызы енесінің видеосын жариялады
22 қазан 2026 17:08 / Новости Казахстана
Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты
22 қазан 2026 16:26 / Новости Казахстана
Атырауда алтыншы сынып оқушысы буллингке ұшырап, мектепке пышақ алып келген
22 қазан 2026 14:31 / Новости Казахстана
Шымкентте есірткі табылған көлікте отырған полицей жұмыстан қуылды
22 қазан 2026 13:25 / Новости Казахстана
1,5 млрд теңгенің алтынын мыс деп алдап, елден шығармақ болған
22 қазан 2026 12:19 / Новости Казахстана