Жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

1 қазан 2024 10:00 / Новости Казахстана
Фото: Kazinform

Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып құлатты. Полиция қызметкері түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 30 қыркүйекте болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Кешкі сағат 18:40 шамасында Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі Атырау қаласындағы Қ.Сатпаев-Ерниязов көшелерінің қиылысында патрульдік полиция батальонының қызметкерін қағып құлатқан. Сол сәтте полиция қызметкері жол қозғалысын реттеп тұрған. Түрлі дене жарақатын алған полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталды. Сараптамалар қорытындысына сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданатын болады.

«Жол-көлік оқиғасына себепкер болған көлік жүргізушісі көзі күнге шағылысқандықтан, патрульдік полиция қызметкерін көрмей қалғанын айтады. Бірақ, бұл жауапкершіліктен құтқармайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары