Жұмыссыз жүрген адам біреудің атынан онлайн несиелер рәсімдеген

4 қазан 2023 11:30 / Новости Казахстана

Ақтөбеде жұмыссыз жүрген азамат тұрғынды жұмысқа орналастырамын деп сендіріп, атына 4 бірдей онлайн несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл тралы  Polisia.kz жариялады. 

Мамыр айының соңында Алға қаласының 19 жастағы тұрғыны өзіне жұмыс іздеген. Жұмыс іздеп жүрген жас жігітті Мұғалжар ауданының 23 жастағы тұрғыны аксессуарлар сататын онлайн дүкенге жұмысқа орналастыратынын айтып сендірген.

Жұмысқа орналастыруға құжаттарын рәсімдейтінін айтқан мұғалжарлық жігіт оның жеке куәлігін алып, онлайн-дүкенмен жұмысты көрсетемін деген сылтаумен телефонын да қолданған. Содан оның атына үш банк пен бір қаржы ұйымынан 4 онлайн несие рәсімдеген.

Несиенің жалпы сомасы 2 миллион тенгеге жуықтады. Бұл туралы жәбірленуші банктерден өзінің атына несиені уақытылы төлемегені туралы хабарландырулар келген кезде біліп, қазан айында полицияға арызданды.

Алға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Жігіт өз кінәсін мойындап, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.

Жігіттің өзі жұмыссыз екені анықталды. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Автор
Серіктес жаңалықтары