Александр Недовесов Аустралиядағы турнирдің ширек финалына шықты

10 қаңтар 2024 12:19 / Sport

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform жариялады.

А.Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге екінші айналымда жарыстың 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Глaсспул – нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен кортта кездесті. 

Қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында олар 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ұлыбританиялық-нидерландылық жұп 2 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді. 

Александр Недовесов – Гонсало Эскобар жартылай финалға шығу үшін германиялықтар Константин Францен – Хендрик Йебенспен кім мықтыны анықтайды.

Бұдан бұрын Александр Бубликтің жаңа жылдағы бірінші жеңісіне қол жеткізген.

 

Серіктес жаңалықтары