Александр Недовесов Болгариядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов София (Болгария) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда болгариялықтар Янаки Милев – Петр Нестеровпен кездесті.
Бірінші партияда болгариялық жұп 6:4 есебімен басым түсті.
Есесіне екінші сетте қазақстандық-эквадорлық дуэт қарымта қайырды – 6:3.
Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:5.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында екі жұп та 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Александр Недовесов – Гонсало Эскобар финалға шығу үшін тағы бір қазақстандық Андрей Голубев – украиналық Денис Молчанов және аустралиялықтар Джон Патрик Смит – Макс Перселл жұптарының қай жеңгенімен таласады.