Алматыда өтетін экстремалды спорт жарысына 7 миллион жүлде тігілді

4 сәуір 2024 13:35 / Sport

Алматы қаласында 6-7 сәуір күндері Шымбұлақ тау курортының аумағында жақын және алыс шетелдерден келген қысқы экстремалды спорт сүйер қауымның қатысуымен Winter Jungle спорттық-музыкалық фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Екі күнге жалғасатын фестивальде түрлі спорттық және музыкалық бағдарламалар болады. Атап айтқанда Big Air, Jibbing, The Battle және Jungle cross форматтары бойынша сноубордшылар мен шаңғышылар арасында жарыстар өтеді.

Қазақстандық спортшылардан бөлек Ресей, Польша, Австрия, Финляндия, Франция және Сербия шаңғышылары қатысады. Фестивальдің жалпы жүлде қоры — 7 000 000 теңге.

«Біздің мақсатымыз — Қазақстандағы экшн-спорт мәдениетін дамытуға үлес қосу! Осы жылғы фестивальден керемет көңіл-күй күтемін. Жаңа адамдармен танысып, шабыт аламыз деп ойлаймын. Сол себепті экстремалды спортпен айналысатын жарқын жастарды күтемін» — дейді фестиваль продюсері Александр Кучура.

 

Серіктес жаңалықтары