Андрей Голубев София турнирінің ширек финалына шықты
7 қараша 2023 11:11 / Sport
Андрей Голубев жұптық сында София ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 2-ракеткалары, америкалықтар Натаниэль Ламмонс – Джексон Уитроумен өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық-украиналық дуэт тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (8:6).
Екінші сетте америкалық жұп есе қайырды – 6:2.
Супер тай-брейкте А.Голубев – Д.Молчанов таразы басын өздеріне аударды – 10:7.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында олар 5 эйспен көзге түсті.
Америкалықтар 8 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Андрей Голубев – Денис Молчановтың ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
30 қыркүйек 2026 12:28 / Sport
Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады
28 қыркүйек 2026 15:31 / Sport
Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
14 қыркүйек 2026 12:13 / Sport
Геннадий Головкин туралы қуанышты жаңалық шықты
10 қыркүйек 2026 12:25 / Sport
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
22 тамыз 2026 17:05 / Sport
Қазақстанда балалар және бұқаралық спорт 1,8 млн бала мен жасөспірімді қамтиды
21 шілде 2026 17:17 / Sport