Асу Алмабаев UFC турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті
10 наурыз 2024 8:00 / Sport
АҚШ-тың Майами қаласында UFC 299 турнирі өтті. Онда қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шықты. Үш төрешінің үшеуі де бірауыздан Алмабаевты жеңімпаз деп таныды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл — 30 жастағы Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі.
Мұның алдындағы өткен жылғы дебютінде де қарсыласы америкалық Оди Осборннан басым түскен болатын.
ММА-дегі статистикасы — 19-2.
Оның жеңістер сериясы қазір — 15 жекпе жек.
32 жастағы Си Джей Вергара осы айқасқа дейін UFC-де екі рет жеңіс тұғырынан көрінген.
Оның жаңа статистикасы: ММА-да 12-5-1 және UFC-де 3-3.
3 қараша 2026 16:20 / Sport
Испанияда футболшының жүрегі матч кезінде тоқтап қалды
30 қыркүйек 2026 12:28 / Sport
Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады
28 қыркүйек 2026 15:31 / Sport
Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
14 қыркүйек 2026 12:13 / Sport
Геннадий Головкин туралы қуанышты жаңалық шықты
10 қыркүйек 2026 12:25 / Sport
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
22 тамыз 2026 17:05 / Sport