«Барыс» хоккейшілері елордада «Сочиді» жеңді

24 желтоқсан 2023 1:54 / Sport

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Елордалық хоккейшілер биылғы турнирді сәтсіз өткізіп жүр. Салдарынан турнир кестесінде 42 ойыннан кейін 31 ұпаймен 23-орында тұр. Оған қоса қатарынан жеңілістің ащы дәмін татты.

Сол себепті олар үшін бүгінгі кездесуде жеңіске жету өте қажет болатын.

Кездесуде ресейлік хоккейшілер «Барыс» қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырды. Ойынның 1-минутында Джереми Бракко елордалық команда қақпасынан саңылау тапты.

«Барыс» сапынан Энтони Камара – 3, Давид Скленичка 25-минутта мергендік таныты.

Ойынның 27-минутында «Сочи» хоккейшісі Кирилл Рассказов таразы басын теңестірді.

Үшінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына гол соға алған жоқ.

Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Аркадий Шестаков гол соғып, «Барыс» жеңіске жетті.

Енді елордалық клуб алдағы ойынын 28 желтоқсанда елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.

 

Серіктес жаңалықтары