Дастан Сәтпаев 2026 жылы ұлттық құрамада ойнамауы мүмкін

20 желтоқсан 2025 16:35 / Sport

«Қайрат» футбол клубының жас жұлдызы, 17 жастағы Дастан Сәтпаев келесі жылы Қазақстанның ересектер құрамына шақырту алмауы ықтимал, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұған талантты футболшының 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан U-19 құрамасының сапында ойнауы басты себеп болуы мүмкін.

ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің менеджері Рахат Әкімқұлдың айтуынша, Сәтпаев жас мөлшеріне сай U-19 командасына толық сәйкес келеді және оның тәжірибесі мен шеберлігі шешуші кездесулерде айтарлықтай көмек бере алады.

«Дастан Сатпаев U-19 құрамасына ойнай алады. Егер жастар құрамасының бапкерлік штабы ұлттық құраманың жаттықтырушыларымен келісімге келсе, оны шақыруға болады. Себебі, ол 2008 жылы туған. Наурыз айында ол ұлттық құраманың сапында FIFA Series аясында өтетін жолдастық ойындарға қатысады. Егер жаттықтырушылар оны жолдастық кездесулерге емес, элиталық раунд матчтарына қосу жөнінде келіссе, бұл мүмкін нұсқа», — деді Әкімқұл ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.

Серіктес жаңалықтары