Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Олимпиада ойындарының ширек финалында белдескен Демеу Жадыраев қарсыласынан айласын асырып, жартылай финалға шықты. Отандасымыз ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовпен белдесіп, 3:1 есебімен басым түсті. Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Осыған дейін ол эквадорлық Джейр Куеромен белдесіп, қарсыласын 8:0 есебімен таза жеңген болатын, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Айта кетсек, грек-рим күресінен ел құрамасында Демеуден басқа Айдос Сұлтанғали (60 келі), Әлімжан Сыздықов (130 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) бар.
5 тамызда Айдос Сұлтанғали алғашқы белдесунде Қырғызстан мықтысы Жоламан Шаршанбековке есе жіберді.
Ал Әлімжан Сыздықов алдымен румыниялық Алин Алексус-Циурариуден басым түсіп, одан кейін әзербайжандық Сабах Шариатиден ұтылды.
Сондай-ақ Париж Олимпиадасында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмырзаев (125 келі) ел намысын қорғайды.
Күрес түрлерінен жарыстар 5-11 тамыз аралығында өтеді.