Допинг дауынан соң Әлімханұлы боксшылар комиссиялары қауымдастығынан шеттетілді

19 желтоқсан 2025 12:37 / Sport

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының Boxrec.com порталындағы профилінде Боксшылар комиссиялары қауымдастығы спортшыны белгісіз мерзімге аластатқаны жазылған, деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасаған Arbat.Media.

Бұл шешім Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына ілігуіне байланысты болып отыр. Бұл даудың салдарынан оның кубалық Эрисланди Лараға қарсы WBO, IBF және WBA титулдары үшін болатын жекпе-жектері кейінге шегерілген. Бұл оқиғадан соң кубалық Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жекпе-жекке шығып, ол төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.

Еске салсақ, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жек өткізетін болған. Алайда артынша танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында допинг дауына іліккені белгілі болды. Осылайша, Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына байланысты боксшының кезекті жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары