Елена Рыбакина ТОП-10 спортшының қатарына енді
Sportico басылымы 2023 жылы ең жоғары қаламақы алған әйел спортшылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media..
Рейтингінің ТОП-ондығына бірден 7 теннисші енді, олардың қатарында Қазақстанның 1-ракеткасы Елена Рыбакина бар. Kazinform бұл туралы championat.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Кори Гауфф (АҚШ, 19 жаста) – $ 22,7 млн ($ 6,7 млн жарыстардағы сыйақы).
2. Ига Щвёнтек (Польша, 22 жаста) – $ 21,9 млн ($ 9,9 млн жарыстардағы сыйақы).
3. (сноуборд) Эйлин Гу (Қытай, 20 жаста) – $ 20 млн ($ 27 мың жарыстардағы сыйақы)
4. Эмма Радукану (Ұлыбритания, 21 жаста) – $ 16,2 ($ 238 мың жарыстардағы сыйақы)
5. Наоми Осака (Жапония, 26 жаста) – $ 15 млн (жарыстардағы сыйақы – 0)
6. Арина Соболенко (Беларусь, 25 жаста) – $ 12,2 ($ 8,2 млн жарыстардағы сыйақы)
7. Елена Рыбакина (Қазақстан, 24 жаста) – $ 9,5 ($ 6 млн жарыстардағы сыйақы)
8. Джессика Пегула (АҚШ, 29 жаста) – $ 9 млн ($ 6 млн жарыстардағы сыйақы)
9. (спорттық гимнастика) Симона Байлз (АҚШ, 26 жаста) – $ 8,5 (жарыстардағы сыйақы – 0)
10. (гольф) Нелли Корда (АҚШ, 25 жаста) – $ 7,9 ($ 1,4 млн жарыстардағы сыйақы).
Мәлім етілгендей, рейтингіде спортшылардың салық төлегенге дейінгі табысы есепке алынған.