Елянұр Тұрғанова бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына төртінші алтынды салды

4 қараша 2024 9:00 / Sport
ото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Елянұр Тұрғанова жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы атанды. Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада 50 келіде сынға түскен Елянұр бейтарап спортшы ретінде қатысқан Карла Пикті қапы қалдырды. Ол жекпе-жек барысында жинақы қимыл көрсетті. Қарсыласына көбірек соққы жасады. Екінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер бірауыздан Елянурдің жеңісіне қолдау білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Е. Тұрғанова әлем чемпионатында алдымен түркиялық қарсыласын бірінші раундта сан соқтырса, одан кейін Өзбекстан (5:0), Грекия (5:0) боксшыларын жеңді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Айта кетсек, ел құрамасынан бұған дейін Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Аружан Зейноллаева (81 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді.

Серіктес жаңалықтары