Еркін күрес: Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады

20 қазан 2023 1:31 / Sport

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Біріккен күрес әлемі қауымдастығы тарапынан әлемдік рейтинг жаңартылды. Рейтинг спортшылардың әлем чемпионаты мен ХІХ жазғы Азия ойындарынан кейінгі нәтижесі бойынша жасалды.

Ел тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға шықты.

Ризабек финалға дейінгі төрт кездесуде де - венгриялық Балаж Юхасты 13:3,  түркиялық Фейзулла Актюркті 11:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда грузиялық Мириани Майсурадзеден, финалда әзербайжандық Осман Нурмагомедовтен басым түсті. 

Автор
Серіктес жаңалықтары