Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Әзірбайжаннан жеңіліп қалды

11 маусым 2024 22:36 / Sport

11 маусымда футболдан Қазақстан және Әзірбайжан құрамалары арасында жолдастық кездесуі өтті. Кездесу барысында қазақстандық футболшылар жылдам екі гол соғып үлгерді. Ойынның 2-минутында Ян Вороговский әріптесі Нұралы Әліптің берген пасын голға айналдырып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ал 28-минутында Абат Айымбетовтың берген пасын әріптесі Максим Самаородов қақпа торында тулатты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қарсылас құрама сапынан Махир Эмрели 42-минутта есеп айырмасын қысқартса, Эмин Махмудов 51-минутта белгіленген пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Ойынның 73-минутында Тұрал Байрамов соққан гол қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Қазақстан қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымында Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топта ойнайды.

Алғашқы ойынын қазақстандық футболшылар 6 сәуірде Норвегияға қарсы өткізеді.

Маусым айының басында Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметіне тағайындалды.

 

Серіктес жаңалықтары