Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланды

24 қараша 2025 9:32 / Sport

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тарихта алғаш рет қазақстандық спортшы халықаралық спорт федерациясын басқарып отыр. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, GGG-дің өкілеттік мерзімі үш жылға созылады.

World Boxing – 2023 жылдың сәуірінде құрылған Халықаралық бокс федерациясы. 2024 жылы қыркүйекте Головкин ұйымның жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болған еді.

Тағайындаудан кейінгі сөзінде ол бокстағы барлық сатылардан өткенін айтып, спорттың болашағы үшін жұмыс істейтінін атап өтті.

«Спортшы болдым, Олимпиадаға қатыстым, әлем чемпионы атандым. Бүгінде спорттық көшбасшы ретінде бокстың келешегі үшін қызмет етемін», - деді ол.

Айта кетейік, Геннадий Головкин — орта салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі. Ол WBA, WBC, IBF және IBO чемпиондық белбеулерін иеленген. GGG-дің рекордтарының қатарында орта салмақтағы ең ұзақ нокауттар сериясы бар — қатарынан 23 нокаут. Осы көрсеткіші үшін ол Гиннес рекордтар кітабына енген.

Серіктес жаңалықтары