Головкин чемпиондықтан неге бас тартты?
Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) бұрынғы промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының барлық титулдарынан неге бас тартқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Vesti.kz жазғандай, былтыр Головкин орта салмақта IBF және WBA титулдарын босатып, Эскива Фалькао мен Эрисланди Лараға қарсы міндетті жекпе-жектерден бас тартқан еді.
- Мұның мәнісі қалмады. Геннадий карьерасында биікке жетті. Ол титулын талай қорғады: Лондондағы O2 Arena шаршы алаңында Келл Брукпен айқаста ине шанжар жер болмады, 2022-де Риота Муратамен шыққанда Saitama Arena-да барлық билет сатылды. Монакодағы тамаша кешті айтуға болады, Мартин Мюрреймен жекпе-жегін тамашалауға ханзада Альбер мен ханшайым Шарлен рингсайдта болған. GGG бокста мақсатының бәріне жетті деп ойлаймын, - деп береді Леффлердің сөзін Boxingscene.com.