Головкин Дүниежүзілік бокс президенттігіне үміткер болды

25 қазан 2025 9:22 / Sport

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясының президенті қызметіне үміткер болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Спортшы бұл шешімі туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазып, өзінің басты миссиясы – бокстың олимпиадалық болашағын сақтау және әлемдік қауымдастық ішіндегі сенімді нығайту екенін атап өтті.

— Достар, мен маңызды шешім қабылдадым – халықаралық World Boxing федерациясының президенті қызметіне өз кандидатурымды ұсыну. Менің миссиям – бокстың олимпиадалық болашағын сақтау, сенімді нығайту және спортшыларды, бапкерлерді, федерацияларды спортты дамыту жолындағы ұмтылыстарында қолдау. Біздің мақсатымыз – Халықаралық Олимпиада комитетінің толық мойындауына қол жеткізу және бокстың Олимпиада ойындарында – 2028 жылы Лос-Анджелесте, 2032 жылы Брисбенде және кейінгі жылдары да сақталуын қамтамасыз ету, – деді ол.

Головкин 23 қараша күні дүниежүзілік бокс үшін маңызды күн болатынын атап өтті. Сол күні федерация басшылығын анықтайтын дауыс беру өтеді.

 

Серіктес жаңалықтары