Канвон-2024: еліміздің көк байрағын қос спортшы көтеріп шықты

19 қаңтар 2024 20:47 / Sport

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында алауы тұтанған IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ресми ашылу салтанатының «Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның туын Кристина Шумекова мен Ерасыл Шыңғысхан ұстап шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

           Фото: Нұрғали Жұмағазы

18 жастағы Шумекова - конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері, ел біріншілігінің жеңімпазы, 2023 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері. Ал, 17-дегі екінші ту ұстаушы Ерасыл Шыңғысхан - шорт-тректен спорт шеберіне кандидат,  Қазақстан Республикасының чемпионы, сондай-ақ «Азия балалары» 2023 халықаралық жарысының күміс жүлдегері.

«Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның байрағын петропавлдық конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан ұстап шығатыны мәлім болды.

Серіктес жаңалықтары