Канвон-2024: Керлингтен Қазақстан құрамасы ширек финалға шыға алмады

31 қаңтар 2024 15:37 / Sport

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық спортшылар керлингтен аралас жұптық сындағы іріктеу кезеңдерінің соңғы сынында Даниядан жеңіліп, ширек финалдан тыс қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.  

Аталған бәсекеде Қазақстан намысын ағайынды Ибрагим мен Мерей Тастемір қорғаған болатын.

Жерлестеріміз қарсыластарына 15:3 есебімен жол берді.

Енді ертең Астана уақыты бойынша 8:00-де шаңғы жарыстарынан аралас эстафетада құрамамыз соңғы Олимпиада жүлдесіне таласады. 

Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын.
Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.

Серіктес жаңалықтары