Канвон-2024: Қай ел қанша медаль жеңіп алды
1 ақпан 2024 20:46 / Sport
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Италия құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды. Олардың еншісінде 11 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль бар, - деп хабарлайды Arbat.media.
Екінші орынды иеленген Германия құрамасы 9 алтын, 5 күміс, 6 қолаға қол жеткізді. Ал үздік үштікті жарыс қожайындары Оңтүстік Корея спортшылары қанжығаларына байлады.
Жалпы Канвон Олимпиадасына 79 мемлекеттің ұлттық құрамалары қатысса, соның 32-сі өз елдеріне медальмен қайтты.
Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 20-орынды иеленді. Олимпиадаға еліміздің атынан 41 спортшы қатысып (рекордтық көрсеткіш), 5 спорт түрінен 9 дисциплинада жүлдеге таласты.
30 қыркүйек 2026 12:28 / Sport
Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады
28 қыркүйек 2026 15:31 / Sport
Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
14 қыркүйек 2026 12:13 / Sport
Геннадий Головкин туралы қуанышты жаңалық шықты
10 қыркүйек 2026 12:25 / Sport
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
22 тамыз 2026 17:05 / Sport
Қазақстанда балалар және бұқаралық спорт 1,8 млн бала мен жасөспірімді қамтиды
21 шілде 2026 17:17 / Sport