Костя Цзю өмірін күрт өзгерткен қазақтың есімін атады

17 ақпан 2024 16:00 / Sport

Ресей боксшысы Костя Цзю Қазақстанның атақты боксшысы оның өмірін күрт өзгерткенін мойындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап жариялады.

К.Цзюдің сөзін Tofight.ru: «Ата-анам соның арқасында мені боксқа баулыған. Ол - Серік Қонақбаев. Ол қазақтың былғары қолғап шебері, оны көрген анам менің де боксшы болғанымды қалады», деп берген.

54 жастағы Костя Цзю бірінші жартылай орта салмақта кәсіпқой бокста WBC/WBA/IBF тұжырымы бойынша абсолют чемпион болған. Оның есімі Халықаралық бокс даңқы залына жазылған.

Айта кетсек, 64 жастағы Серік Қонақбаев – Мәскеуде өткен 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының да күміс иегері, екі дүркін Әлем кубогінің жеңімпазы және Еуропаның екі дүркін чемпионы.

Серіктес жаңалықтары