Михаил Кукушкин Франциядағы жарыстың іріктеу сайысын сәтті өткізді
Қазақстандық, әлемнің 129-ракеткасы Михаил Кукушкин Экс-Ан-Прованс (Франция) челленджер жарысының іріктеу сайыстарын сәтті өткізді. Қазақстандық теннисші алдымен іріктеу сайыстарының жартылай финалында корт иесі, дүниежүзілік рейтингіде 274-орында тұрған Матиас Буркті қапы қалдырды — 7:5, 6:2, - деп хабарлайды Arbat.media.
Іріктеу сайысының финалында Кукушкин әлемнің 146-ракеткасы, Испания өкілі Пабло Руизбен бетпе-бет келді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Бірінші сетте 3:0 есебімен Михаил алға шыққан мезетте испаниялық спортшы матчты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша Михаил Кукушкин негізгі турнирге жолдама алды.
Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 96-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Комесанамен сынға түседі.
Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы Александр Шевченко бастапқы кездесуінде рейтингіде 101-сатыдағы бельгиялық Давид Гоффенмен шеберлік таластырады.
Экс-Ан-Прованс додасы 5 мамырда мәресіне жетіп, чемпион анықталады.