Парадзюдодан Grand Prix: Қазақстан құрамасы алғашқы күні 6 медаль жеңіп алды

24 қараша 2024 12:00 / Sport
Фото: ҚР Парадзюдо федерациясы

Астанада өтіп жатқан парадзюдодан Grand Prix жарысының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды.Ерлер арасында J2 санаты 81 келі салмақ финалында, Қазақстандық дзюдошы Ғалымжан Смағұлұлы Британдық Еван Молойға есе жіберіп, күміс еншіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар, J1 санатында 70 келі салмақта қазақстандық қос спортшы Темірболат Ташкенов және Асылан Нұрдәулетов қола медаль үшін белдесіп, қортындысында Нұрдәулетовтың мерейі үстем болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

J1 санаты 81 келі салмақта Бауржан Арстанбеков отандасы Ерболат Бекентаевты жеңіп, қола медалға ие болды.

Фото: ҚР Парадзюдо федерациясы

J1 санатының 64 келі салмағында татамиге шыққан Айдын Мүтәліп күміс медальды қанағат тұтты.

Әйелдер арасында, Айназ Құралова (J1 — 46 келі) мен Альфия Тілекқабыл (J1 — 52 келі) күміс жүлде жеңіп алды.

 

Серіктес жаңалықтары