Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасының басты үміткерлері кімдер

28 тамыз 2024 9:08 / Sport
Коллаж: Kazinform

Қазақстандық паралимпиадашылар 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Париж шаһарында өтетін Жазғы Паралимпиада ойындарында бақ сынайды. Бұған дейінгі додаларда қоржынымыз бос қайтқан жоқ. Биылғы бәсекеден не күтеміз, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Жазғы Паралимпиада ойындарындағы жетістіктер

1996 жылдан бері қазақстандық спортшылар жазғы Паралимпиада ойындарында суда жүзу, парапауэрлифтинг және парадзюдо сияқты спорт түрлерінен 7 медаль (2 алтын, 4 күміс және 1 қола) жеңіп алды.

2016 жылы Риода жүзуден Зүлфия Ғабидуллина алтын медаль еншілесе, Раушан Қойшыбаева парапауэрлифтингтен күміспен күптелді.

2020 жылы Токиода Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 1 қоланы қоржынға салды. Токио алтынын парапауэрлифтингтен Давид Дегтярев иеленсе, үш күмісті парадзюдошылар Дәулет Теміржан, Зарина Байбатина және Әнуар Сариев мойнына тақты. Ал жүзуден Нұрдәулет Жұмағали қолаға қол жеткізді. жеңіп алды. Осылайша, Токиодағы Паралимпиада ойындарының медаль тізімінде Қазақстан 5 жүлдемен 51-орынға тұрақтады.

Серіктес жаңалықтары