Паралимпиадаға Ресейден 90, Беларусьтен 8 спортшы жіберілді

24 тамыз 2024 17:00 / Sport
Фото: Yasuyoshi Chiba/AFP

Паралимпиадаға Ресейден 90, Беларусьтен 8 спортшы жіберілді. Барлық спортшылар бейтарап мәртебеде өнер көрсетеді, деп хабарлады Халықаралық Паралимпиада комитеті. Ресей мен Беларусь спортшылары Ойындардың ашылу салтанатына тағы да жіберілмейді, ал егер олар жеңіске жетсе, ел әнұраны ойналмайды. Сондай-ақ мемлекеттік туларды және басқа да ұлттық атрибуттарды пайдалануға тыйым салынады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Паралимпиада ойындарына ресейлік спортшылар Олимпиадаға қарағанда көбірек жіберілді, өйткені мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында армияға қатысы жоқтардың үлесі айтарлықтай жоғары, деп хабарлады Паралимпиададағы Германия делегациясының басшысы Карл Кваде SID агенттігімен сұхбатында.

11 тамызда аяқталған Жазғы Олимпиада ойындарында бейтарап статуста Ресейден 15, Беларусьтен 17 ғана спортшы бақ сынады.

Серіктес жаңалықтары