«Павлодар» волейбол клубы ҚР кубогінің иегері атанды
22 қазан 2023 10:00 / Sport
«Баянтау» спорт кешенінде волейболдан ерлер командалары арасында ҚР кубогі ойындары аяқталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Осымен 31-рет ұйымдастырылып отырған ел кубогі турнирінің финалына биылғы Қазақстан чемпионы «Павлодар» мен «Есіл» (Петропавл) клубтары жолдама алды.
Ұлттық лига командалары арасында биыл бесінші орыннан көрінген «Есілдің» финалға шығуы күтпеген жағдай еді.
Финалдық бәсеке де сондай тартысты болды. Онда Петропавл волейболшыларының жеңіске жететіндей мүмкіндіктері болды. Дегенмен шешуші сәттерде сәтті ойнай білген Игорь Никольченко жаттықтыратын павлодарлықтар 3:2 (22:25, 25:20, 20:25, 25:19, 18:16) есебімен жеңісті жұлып алды.
30 қыркүйек 2026 12:28 / Sport
Елдос Сметов Азия ойындарын жеңіспен бастады
28 қыркүйек 2026 15:31 / Sport
Тоқаев Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
14 қыркүйек 2026 12:13 / Sport
Геннадий Головкин туралы қуанышты жаңалық шықты
10 қыркүйек 2026 12:25 / Sport
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
22 тамыз 2026 17:05 / Sport
Қазақстанда балалар және бұқаралық спорт 1,8 млн бала мен жасөспірімді қамтиды
21 шілде 2026 17:17 / Sport