Қазақстан – Корея матчы: Елена Рыбакина есепті 2:0-ге жеткізді

17 қараша 2024 18:00 / Sport
Фото: ҚТФ

Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Қазақстан – Корея матчында Елена Рыбакина мен Сон Хен Пак шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші әлемнің 6-ракеткасы болса, кореялық спортшы рейтингіде 355-орында тұр. Е.Рыбакина 25-те, қарсыласы одан үш жасқа кіші еді. Бірінші партияны Е.Рыбакина 6:2 есебімен аяқтады. Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді – 4:2. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бір сағат 9 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 3 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Сон Хен Пак 2 эйс, 1 брейктен (2 брейк-пойнт) аса алмады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты.

Қазақстан – Корея матчы ертең жалғасады. Қазақстандықтарға алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алу үшін енді бір жеңіс жетіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан –

Серіктес жаңалықтары