Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды. Алғаш рет өткен құрлықтық дода Алматы қаласында ұйымдастырылды. Қазақстандық хоккейшілер Жапониямен ойын барысында жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде құрама капитаны Евгений Рымарев 7, 27, Евгений Наместников 29, Владимир Гребенщиков 44, Евгений Королинский 59-минутта гол салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Құрлықтық дода алғаш рет Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен өткізіліп отыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Айта кетсек, ел құрамасы бұған дейін Оңтүстік Кореядан 1:4 есебімен жеңілсе, Қытайдан 6:1 есебімен басым түсті.
Азия чемпионаты 2025 жылы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары ретінде ұйымдастырылып отыр.